Жамбыл облысында 9-сынып оқушысы жанжалдан кейін көз жұмды

Қыркүйек 15, 2025 - 16:59
Қыркүйек 15, 2025 - 17:00
 0  17
Жамбыл облысында 9-сынып оқушысы жанжалдан кейін көз жұмды
КТК

Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы жанжалдан кейін 9-сынып оқушысы көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға мектеп әжетханасында болған. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, оқушылар арасындағы жанжал кезінде сыныптасы баланы кеудесінен ұрған. Соққы салдарынан жасөспірім қайтыс болған.

Жамбыл облыстық Полиция департаменті бұл деректі растады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 1
Апыр-ай Апыр-ай 0