Жамбыл облысында әке мен бала есірткі саудасы үшін сотталды.

Қазан 13, 2025 - 17:03
Қазан 13, 2025 - 17:05
 0  6
Жамбыл облысында әке мен бала есірткі саудасы үшін сотталды.
jambylinfo.kz

Тергеу барысында анықталған деректерге сәйкес, шаруа қожалығының иесі 12 келі марихуананы килограммына 180 мың теңгеден, яғни жалпы 2,1 миллион теңгеге сатуға келісім жасаған. Сонымен қатар, жақын арада тағы бір партия дайындауға уәде бергені белгілі болды, деп хабарлады Жоғарғы сот.

Әкесі ұлын тауарды орауға көмектесуге шақырған. Олар сатып алушыларды ауылдағы кафеден көлікпен әкеліп, мәміледен кейін қайта жеткізуге келіскен.

Сатып алушылар үш орама есірткіні 1 миллион теңгеге сатып алған. Қалған есірткіні сатпақ болған сәтте Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері оларды ұстады. Оқиға орнында 12,7 келі есірткі табылған, ал шаруашылықта тінту кезінде 185 келі кептірілген марихуана салынған 13 орама тәркіленді.

Сотта әке өз кінәсін ішінара мойындаса, ұлы заңсыз әрекеттер туралы білмедім деп мәлімдеп, кінәсін мойындамады. Екеуі де 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жамбыл облыстық соты апелляциялық шағымды қарастырып, ұлға қатысты үкімді өзгертіп, оның әрекетін қылмысқа көмектесу деп бағалап, жаза мерзімін 4 жылға қысқартты. Басқа үкім өзгеріссіз қалдырылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0