Жалаңаштанған қыз-жігіттердің видеосы: полиция оқиғаға қатысы барларды ұстады
Талдықорғанда желіде дау туғызған видеоға қатысы барлар анықталды, - деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде тарап кеткен видеода залдың ортасында қыз-жігіттер жартылай жалаңаш билеп жүргені көрінеді.
"Қоғамдық тәртіпті бұзып, қоршаған ортаға құрметсіздік танытқан адамдарға қатысты әкімшілік материалдар жинақталып, сотқа жолданды. Сот шешімімен мекеме иесі мен оқиғаға қатысқан бір адам 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деді ІІМ өкілі.
Ал тағы бір адамның ісі оның тұрғылықты жеріндегі сотқа жіберілді. Мекеме әкімшілігіне мұндай жағдайды болдырмау жөнінде ресми нұсқау берілген.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
1
Апыр-ай
0