Жалаңаштанған қыз-жігіттердің видеосы: полиция оқиғаға қатысы барларды ұстады

Қараша 21, 2025 - 15:16
 0  12
Жалаңаштанған қыз-жігіттердің видеосы: полиция оқиғаға қатысы барларды ұстады
ІІМ кадры

Талдықорғанда желіде дау туғызған видеоға қатысы барлар анықталды, - деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тарап кеткен видеода залдың ортасында қыз-жігіттер жартылай жалаңаш билеп жүргені көрінеді. 

"Қоғамдық тәртіпті бұзып, қоршаған ортаға құрметсіздік танытқан адамдарға қатысты әкімшілік материалдар жинақталып, сотқа жолданды. Сот шешімімен мекеме иесі мен оқиғаға қатысқан бір адам 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деді ІІМ өкілі.

Ал тағы бір адамның ісі оның тұрғылықты жеріндегі сотқа жіберілді. Мекеме әкімшілігіне мұндай жағдайды болдырмау жөнінде ресми нұсқау берілген. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 1
Апыр-ай Апыр-ай 0