Түркістан облысында атыс болып, бір адам қаза тапты

Қараша 5, 2025 - 09:02
 0  6
Түркістан облысында атыс болып, бір адам қаза тапты
depositphotos.com

Түркістан облысында атыс болды, салдарынан бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түскен.

Оқиға 2 қарашада түнгі уақытта Түлкібас ауданында болған.

"Салдарынан бір адам қайтыс болып, үш адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жедел тергеу тобы дереу шыққан. Іс-шаралар барысында аз уақыт ішінде күдіктілер анықталған.

"Олардың бірі қамауға алынды. "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында", - деді өңірдің ПД өкілі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0