Тоқаев цифрландыру мәселесіне қатысты жарлыққа қол қойды

Желтоқсан 10, 2025 - 16:28
 0  1
Тоқаев цифрландыру мәселесіне қатысты жарлыққа қол қойды
Midjourney

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың кейбір мәселелері туралы" жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру нысандарын QazTech "электрон үкіметі" ақпараттық-коммуникациялық платформасынан тыс құруға мораторий енгізіледі.

Үкіметке мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру нысандарын QazTech платформасында әзірлеу мүмкін болмаған кезде әрбір нақты жағдайды Президент жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына шығару тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0