Тоқаев Зеленсиймен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында өткен кездесуде екі ел басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Владимир Зеленский Украинадағы жағдай туралы өз көзқарасын білдірді. Қазақстан Президенті бұл аса күрделі жағдайға қатысты пікір айтып, қақтығысты тоқтату үшін дипломатиялық жолмен шешім табудың маңыздылығын атап өтті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0