Таразда уақытша су өшіріледі

Сәуір 14, 2026 - 17:53
 0  7
Таразда уақытша су өшіріледі
Aq jol

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында жылу желілерінде гидравликалық сынақтар жүргізіліп, сондай-ақ қазандықтардағы қосалқы жабдықтарға жөндеу және тексеру жұмыстары жоспарланған.

Осыған байланысты, 2026 жылғы 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында қала аумағында 30 күнге ыстық су беру уақытша тоқтатылады.

Гидравликалық сынақтардың негізгі мақсаты – жылу желілерінің беріктігін, тығыздығын және сенімділігін тексеру. Сынақ кезінде құбырлар жоғары қысыммен тексеріліп, әлсіз тұстар мен ақаулар алдын ала анықталады.

Анықталған ақауларды уақытында жою – апаттардың алдын алуға, жылу беру маусымында үзілістерді болдырмауға және тұрғындарды сапалы әрі тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қазандықтардағы жабдықтарды жөндеу және тексеру жұмыстары олардың қауіпсіз әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

Аталған шаралар қала тұрғындарының жайлы өмір сүруі мен қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүзеге асырылады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0