Тараз қаласында қоғамдық көлікте жолақы төлеу тәртібіне өзгеріс енгізіледі.

Наурыз 29, 2026 - 00:33
 0  15
Тараз қаласында қоғамдық көлікте жолақы төлеу тәртібіне өзгеріс енгізіледі.
Pinterest

Жаңа талаптар 2026 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді. Бұл туралы Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Қазақстан Республикасының жолаушыларды тасымалдау ережесінің 41-1 тармағына сәйкес, енді жол ақысы жолаушы көлікке отырған сәттен бастап келесі аялдамаға дейін есептеледі.


Жаңа жүйе аясында бақылау да күшейтіледі. Контроллерлер мен полиция қызметкерлері қоғамдық көліктерге кіріп, төлем жүйесін уақытша тоқтатып, жолаушылардың электронды немесе қағаз билеттерін тексеретін болады.

 Ереже талаптарын сақтамаған жолаушыларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда, билетсіз жүргендерге 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 8 650 теңге айыппұл салынады.

Мамандар қала тұрғындарын қоғамдық көлікте жол ақысын уақытылы төлеуге шақырады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 1
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 1
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0