Талғар маңында төтенше жағдай орын алып, адамдар құтқарылды

Қараша 17, 2025 - 16:04
 0  3
Талғар маңында төтенше жағдай орын алып, адамдар құтқарылды
Видео кадры

Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ ауылында үш қабатты, көппәтерлі тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылды, - деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, тосын оқиға 16 қарашада болған.

"Өртті сөндіруге газ-түтіннен қорғау қызметінің 5 буыны жұмылдырылды. Құтқарушылар екінші қабаттан екі ересек адамды құтқарып, жедел жәрдемге тапсырды", - деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар 15 газ баллонды қауіпсіз жерге шығарып, олардың жарылуының алдын алған.

"ТЖД бөлімшелері жеткенге дейін зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді. Өрт толығымен сөндірілді", - деді ТЖД өкілдері.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0