Түркістан облысындағы өрт: 7 жасар қыз екі аптадан кейін көз жұмды
Түркістан облысындағы өрттен зардап шеккен 7 жасар қыз екі аптадан кейін көз жұмды, - деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі.
Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, Жетісай ауданындағы өрт салдарынан өте ауыр жағдайда жеткізілген 2018 жылғы науқас 30 қарашада қайтыс болған.
Мән-жайы
Еске салайық, 18 қарашада Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам қаза тапты, тоғызы - бала.
Қайғылы жағдайға байланысты Үкіметтік комиссия құрылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0