Сәбиді сату – бизнес пе? Қазақстанда 19 қылмыстық іс қозғалды
2025 жылдың басынан бері Қазақстанда жаңа туған сәбилерді заңсыз асырап алуға қатысты 19 қылмыстық іс тіркелді.
Бұл туралы Адам саудасына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаева мәлімдеді. Оның айтуынша, бала саудасына байланысты деректер еліміздің түрлі өңірлерінде анықталған.
Қылмыстық схема қалай жұмыс істеген?
Схема екі тараптың қажеттілігіне негізделген: бір жағында бала сүйе алмай жүрген отбасылар болса, екінші жағында жаңа туған сәбиінен бас тартуға дайын әйелдер болған. Ал бұл екі тарапты заңсыз жолмен байланыстыратын делдалдар пайда табу мақсатында әрекет еткен.
“Балаларды шетелге шығару фактілері тіркелмеді. Барлық мәмілелер ел ішінде жүзеге асқан. Бала сатқан да, сатып алған да заң алдында жауап береді,” — деді Шынар Көшербаева.
Сәбиден бас тартқандардың арасында әлеуметтік қиындыққа тап болған, қалаға жаңадан келген жас әйелдер де бар. Кейбір жағдайларда отбасылар сәбиді материалдық жағдайының қиындығына байланысты асырай алмаған.
Ресми деректерге сәйкес, заңсыз асырап алу мәмілелерінің құны орта есеппен 500 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін жеткен.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0