ШҚО-да 39 жетім үй кезегінен заңсыз алып тасталған

Қаңтар 23, 2026 - 17:26
 0  4
ШҚО-да 39 жетім үй кезегінен заңсыз алып тасталған
depositphotos.com

Шығыс Қазақстан облысында 39 жетім үй кезегінен заңсыз алып тасталған, - деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Мемлекеттік пәтерлерді бөлу барысына тексеріс жүргізген облыстық прокуратура осындай кемшілікті анықтаған. Қалалық, аудандық әкімдіктер берген мәліметте азаматтарды еш ескертусіз баспана кезегінен алып тастау дерегі тіркелген.

Телеарна мәліметінше, балалар үйінің бір тәрбиеленушісі пәтер жалдап тұрған және сол мекенжайда уақытша тіркелген. Сол үшін ол мемлекеттен берілетін үй кезегінен қағылған.

Жаңадан бой көтерген тұрғын үйдегі пәтердің 20 пайызы әлеуметтік осал топ өкілдеріне бөлінуі қажет болған. Алайда іс жүзінде тек 10 пайызы берілген. Тексерістен соң барлық заңбұзушылық жойылған.

"Қадағалау нәтижесінде 35 адамның баспаналары, пәтерлері қайтарылды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады", - деді облыс прокурорының аға көмекшісі Сәуле Ғұбашева.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0