Президент қоғамдық пікірталастарды мұқият қадағалап отырғанын мәлімдеді
Мемлекет басшысы жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады.
Отырысты қорытындылаған Мемлекет басшысы алдағы конституциялық реформаны талқылау басталғалы бері жарты жылға жуық уақыт өткенін еске салды.
Осы кезең ішінде қоғамда елдің жоғары заң шығарушы органын трансформациялаудың мақсаттары мен міндеттеріне қатысты дұрыс түсінік қалыптасты. Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйекте халыққа арнаған жолдауынан кейін өрбіген қоғамдық пікірталастарды мұқият қадағалап отырғанын жеткізді.
Мемлекет басшысы талқылау нәтижесін, сараптама қорытындыларын, ұсынылған түзетулердің жобаларын, сондай-ақ, конституциялық реформаға қатысты азаматтардан түскен ұсыныстарды зерделеп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Нашар
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0