Президент: Салықтан түскен әрбір теңге халықтың игілігіне жұмсалуы керек
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет адал жұмыс істейтін салық төлеушілердің мүддесін қорғауға міндетті екенін атап өтті. Оның айтуынша, азаматтардың еңбегімен түскен салық еліміздің дамуына бағытталуы тиіс.
«Салықтан түскен әрбір теңге халық игілігіне жұмсалуы керек. Бұл – сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді, инфрақұрылым салуды және түрлі қолдау шараларын қамтамасыз етуді білдіреді», – деді Президент.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы даму институттарының кәсіпкерлікті ынталандырудағы рөліне тоқталды. Ол қазіргі қызметінде бірқатар олқылықтар барын айтып, олардың жұмысын қайта қарау қажеттігін жеткізді.
«Даму институттары нақты салаларға бағытталып, терең талдау жүргізе алатын әрі инвестиция тартуға құқылы толыққанды құрылым ретінде жұмыс істеуі қажет», – деді Қ.Тоқаев.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0