Премьер-Министр Олжас Бектенов KGIR–2025 аясында инвесторлармен бірқатар кездесу өткізді
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов жаһандық инвестициялар жөніндегі VIII қазақстандық дөңгелек үстелге (KGIR–2025) қатысушылармен бірнеше екіжақты кездесу өткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген жаңа инвестициялық циклді іске асыру міндеттеріне сәйкес, Үкімет ел экономикасына шетелдік капитал тарту бағытында халықаралық компаниялармен және ұйымдармен жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Кездесулер барысында агроөнеркәсіп кешені, энергетика, коммуналдық және басқа да салалардағы ағымдағы әрі перспективалық жобалар талқыланды.
ЕҚДБ-мен ынтымақтастық
Еуропалық қайта құру және даму банкінің вице-президенті Маттео Патронемен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері сөз болды.
PepsiCo жобасы
Ресей, Беларусь, Кавказ және Орталық Азия аймағы бойынша PepsiCo компаниясының президенті Дэвид Манзинимен Алматы облысында құрылысы аяқталуға жақын тұзды тіскебас өнімдерін шығаратын зауыт жобасы талқыланды. Премьер-Министр өңір әкімдіктеріне жобаны қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді.
Fufeng Group жобасы
Fufeng Group директорлар кеңесінің төрағасы Ли Сюэчунмен кездесу кезінде Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеуге арналған тігінен интеграцияланған өнеркәсіптік парк жобасы қаралды. Өндіріс отандық шикізатқа негізделмек. Инвестор жобаға қолайлы жағдай жасалғанын және «жылдам дәліз» тетігінің тиімділігін жоғары бағалады.
Кездесулер қорытындысында Олжас Бектенов Үкімет инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетіп, бизнес-жобаларды толық сүйемелдеу арқылы қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруды жалғастыратынын атап өтті. Жаңа өндірістердің іске қосылуы елдің өнеркәсіптік және экспорттық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0