«Күйеуім қатерлі ісікке шалдыққан, жүрегі ауырады»: Бишімбаевтың анасы сотта көзіне жас алды
Астанада 1 миллион долларға жуық қаржыға қатысты алаяқтық ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Іс бойынша жәбірленуші тарап – сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сотта жауап алу кезінде Альмира Нұрлыбекова көзіне жас алып, туыстарының әрекетіне өкініш білдірді.
«Мұндай жағдай болады деп ешкім ойлаған жоқ. Екеуміз де егде тартып қалдық, еңсеміз түсіп кетті, жедел жәрдем келді. Күйеуім қатерлі ісікке шалдыққан, жүрегі ауырады. Күні-түні “ұлымыздың жағдайы не болады?” деген бір ғана ой мазалады…» – деді ол сотта.
Бүгінгі отырыста прокурор айыптау актісін оқығаннан кейін судья Назгүл Бапақова айыпталушыдан тағылған айыппен келісетін-келіспейтінін сұрады. Бекзат Кемелова өз кінәсін мойындамай, айыптаумен келіспейтінін мәлімдеді.
Істің мән-жайы
Бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы өздерінің туыстары – Қайрат пен Бекзат Кемеловтарды сотқа бергені хабарланған.
Бишімбаевтың анасы Бекзат Кемелованы шамамен 1 миллион доллар көлемінде алаяқтық жасады деп, ал оның жұбайын жала жапты деп айыптап отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0