Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетеді
ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов осы аптада қызметінен кетеді. 27 қарашада Бішкекте ұйымның жарғылық органдарының отырыстары өтеді, онда жаңа Бас хатшының кандидатурасы қаралады.
"ҰҚШҰ сессиясында 2026-2029 жылдарға арналған үш жылдық кезеңге ҰҚШҰ Бас хатшысының кандидатурасын қарау жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) - халықаралық ұйым, бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ, мүше мемлекеттердің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін ұжымдық түрде қорғау мақсатында құрылған әскери-саяси одақ. ҰҚШҰ құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.
Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ны 2023 жылғы 1 қаңтардан бері басқарып келеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0