Грузия ауыр қылмыстар жасаған күдіктіні Қазақстанға қайтарды

Наурыз 30, 2026 - 19:03
 0  2
Грузия ауыр қылмыстар жасаған күдіктіні Қазақстанға қайтарды
Ж. Қадыржанова

Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен іздеуде жүрген адам Грузиядан экстрадицияланды.

Ол экономикалық қызмет саласында бірқатар ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында елге жеткізілген.

Тергеу барысында күдікті 2019-2021 жылдар аралығында ұйымдасқан топ құрамында Қазақстанның әртүрлі өңірінде қаржы пирамидасының құрылымдарын басқарғаны анықталған.

"Қылмыстық топ мүшелерінің заңсыз әрекеті салдарынан 10 млрд теңгеден аса қаражат тартылған. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, оған халықаралық іздеу жарияланған. Ол 2026 жылы ақпанда Грузия аумағында ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды. Күдікті қазір тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0