Бүгін – «AR-AI» газетінің 20 жылдық мерейтойы!
Бүгін, 13 қазан – Жамбыл жастарының сүйікті басылымы «AR-AI» газетінің алғашқы саны жарық көргеніне дәл 20 жыл толып отыр.
2005 жылы осы күні алғаш рет оқырманға жол тартқан басылым уақыт өте келе жас буынның сенімді серігіне, шығармашыл ой мен тың идеялардың алаңына айналды. Жиырма жыл ішінде газет бетінде сан алуан өзекті тақырыптар қозғалып, жүздеген жас қаламгерлердің тұсауы кесілді.
«AR-AI» талай талантты танытып, олардың шығармашылыққа деген ынта-жігерін оятып, үлкен жолға бағыт берді. Қай кезеңде де жастардың үнін жеткізуді басты мұрат еткен газет бүгінде де заман ағымынан қалыспай, жаңаша форматта мазмұнды контент ұсынып келеді.
Осы мерейлі күні басылымның іргетасын қалаған ардагер журналистерді, бүгінгі редакция ұжымын және барша оқырман қауымды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық шабыт, толағай табыс және жаңа белестер тілейміз!
«AR-AI» – жастардың ар-намысы мен айбыны бола берсін!
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0