Бала мектепте телефон пайдаланса, ата-анасы айыппұл арқалауы мүмкін
Сенат дәлізінде оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова "Білім туралы" заңда мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынғанын және бұл заңды бұзғаны үшін айыппұл көзделетінін айтты.
Шенеуніктің сөзінше, жауапкершілік ата-анаға жүктеледі.
"Білім туралы заңда оқу процесінде ұялы телефон қолдануға болмайтыны жазылған. Жауапкершілік ата-анаға жүктеледі. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің шеңберінде бұл - 409-бап. Бұл жағдай бірінші рет болып жатса, ескерту жасалады, қайталанған жағдайда айыппұл қарастырылады", - деді ол.
Шенеуніктің айтуынша, ата-аналарға 5 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін. 2025 жылы бұл - 19 660 теңге.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0