Астанада ЖРВИ мен тұмау өршіп, шектеулер енгізілді

Қараша 20, 2025 - 16:40
 0  15
Астанада ЖРВИ мен тұмау өршіп, шектеулер енгізілді
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астананың Бас мемлекеттік санитария дәрігері Айгүл Шағалтаева "Санитариялық індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы" қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес бірқатар шара енгізілді:

  • поликлиникалар мен стационарлардың жұмысын күшейту;
  • науқастарды оқшаулау;
  • қабылдау кабинеттерін кеңейту;
  • маска тағу режимін сақтау;
  • вирусқа қарсы препараттардың қорын толықтыру.

Сондай-ақ, 20 қарашадан 5 желтоқсанға дейін сыныптағы оқушылар санының 30 пайызы және одан да көбі ЖРВИ-мен ауырса, қашықтан оқыту форматына ауыстыру, т.б. шаралар қарастырылған.

Айта кетейік, кейінгі аптада елордада 23 002 ЖРВИ жағдайы тіркелген. Бұл 30 қазан - 5 қараша аралығындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есе көп. Науқастардың 60 пайызы - 14 жасқа дейінгі балалар.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірнеше өңірінде оқушылар қашықтан оқитыны хабарланды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0