Астанада лифт үзіліп, бір адам қаза тапты
Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт үзіліп, бір адам қаза тапты. Жараланғандар бар, - деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі.
Төлебаев көшесі, 5 мекенжайында орналасқан "Арыстан" тұрғын үй кешенінде төтенше жағдай болған.
Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жөндеу жұмыстары кезінде лифтке жауап беретін компанияның бір қызметкері көз жұмған.
"Екі қызметкер №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Бір науқастың жағдайы орташа ауыр, екіншісі ауыр жағдайда", - деп жазылған хабарламада.
Астана Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0