Алматыда арнайы ХҚКО қызметкерлері сотталды

Наурыз 27, 2026 - 19:00
 0  7
Алматыда арнайы ХҚКО қызметкерлері сотталды
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Алматыда арнайы ХҚКО қызметкерлері жүк көліктерін заңсыз тіркегені үшін сотталды.

Арнайы прокурорлар Алматы қаласының арнайы ХҚКО қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша соталды тергеп-тексеруді аяқтады.  

Тергеу нәтижесінде 2023 жылы арнайы ХҚКО-ның 5 қызметкері 18 жүк көлігін жалған құжаттар арқылы заңсыз тіркеп, олардың нақты шығарылған жылын бұрмалағаны анықталған. Салдарынан көлікті бастапқы тіркегені үшін алым ретінде көзделген 164 млн теңге мемлекеттік бюджетке толық түспеген.

"Соталды тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелді. Сот үкімімен айыпталушылар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0