“Туыстары қылмыс үстінде ұстаған“: Астанада 82 жастағы зейнеткер 7 жасар шөбересін зорлаған

Қаңтар 16, 2026 - 17:25
 0  8
“Туыстары қылмыс үстінде ұстаған“: Астанада 82 жастағы зейнеткер 7 жасар шөбересін зорлаған
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астанада 7 жасар шөбересіне жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен ер адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Сот 82 жастағы ер адамды Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырған.

Тергеу мен сот отырысы кезінде куәгерлердің жауабы, генетикалық зерттеулер айғақ ретінде ұсынылған.

Телеарна мәліметінше, оқиға кәмелетке толмаған қыздың туған күнін тойлау кезінде болған. Үйге жиналған туған-туыстары қарт кісіні қылмыс үстінде ұстаған.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте ер адам туған қызын зорлады деген күдікке ілінді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0