2026 жылы әр азамат өз денсаулық мәліметін көре алады

Қазан 7, 2025 - 15:03
Қазан 7, 2025 - 15:05
 0  3
2026 жылы әр азамат өз денсаулық мәліметін көре алады
ernur.kz

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова цифрландыру саласындағы жаңалықтармен бөлісті.

Министрдің айтуынша, биыл желтоқсан айында Медициналық деректердің бірыңғай сақтау қоймасы іске қосылады. Бұл – 2026 жылдан бастап әрбір азаматтың электрондық денсаулық паспортына толық қолжетімдігін қамтамасыз ететін маңызды қадам болмақ.

Сондай-ақ қазіргі таңда жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары медицинада белсенді қолданыла бастады. ЖИ көмегімен КТ, МРТ және рентген түсірілімдері талданып, инсульт пен онкологиялық ауруларды ерте анықтау мүмкіндігі артуда. Мұндай шешімдер дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп, нәтижелерді жылдам талдауға сеп болып отыр.

Министрдің мәлімдеуінше, ақпараттық жүйелерді интеграциялау медицина қызметкерлерінің жүктемесін 40%-ға дейін қысқартқан, ал пациенттерді цифрлық сәйкестендіру 8 ай ішінде медициналық қызметтерді артық тұтынуды 6,7 млрд теңгеге дейін азайтқан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0