15 жастағы спортшы халықаралық турнирде ауыр жарақат алып көз жұмды
Ақтөбелік 15 жасар спортшы қазақша күрес бойынша халықаралық турнирде ауыр жарақат алып, өмірден өтті.
Қайғылы оқиға 7 қыркүйекте Ақмола облысы, Ерейментау қаласында жасөспірімдер арасындағы турнирде болды. Белдесу кезінде спортшы қарсыласының әдісінен құлап, мойнынан ауыр жарақат алған.
Оқушы жедел түрде Астанадағы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер бір апта бойы өмір үшін күрескенімен, 15 қыркүйекте көз жұмды.
Жерлеу рәсімі 18 қыркүйекте Ақтөбеде өтеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0