“Әлем елдері қазіргі қазақ өнерін ерекше құбылыс деп бағалайды“ - Президент

Қаңтар 20, 2026 - 18:46
 0  1
“Әлем елдері қазіргі қазақ өнерін ерекше құбылыс деп бағалайды“ - Президент
Ақорданың баспасөз қызметі

Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазір жастар арасында Қазақстан өрлеу кезеңіне қадам басты деген пікір бар.

"Жас буын өкілдері жаңа қоғамдық этиканы, креатив индустрияны дамытуға зор үлес қосып жатыр. Әлем елдері қазіргі қазақ өнерін ерекше құбылыс деп бағалайды. Кино саласы да дамып жатыр. Жас ұрпақтың ұлттық бірегейлігімізді өнерімен айшықтап, ұлтымызды жаһан жұртына танытуы – зор мақтаныш. Жастардың күш-қуаты мен ынта-жігері, жаңашылдығы мен жасампаздығы кез келген салаға зор серпін береді. Сондықтан біз өскелең ұрпаққа әрдайым жан-жақты қолдау көрсетеміз. Олардың ұлттық құндылықтармен қатар жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойына сіңіруіне барынша жағдай жасаймыз", - деді Президент.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0