Қазақстандықтар енді 500 теңгеге көліктің тарихын тексере алады
Қазақстанда көлік тарихын онлайн тексеру жеңілдеді. Енді азаматтар көлік туралы маңызды ақпаратты (ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы біле алады.
Жаңа сервис Қазақстанда тіркелген көлік құралдарының толық тарихын ұсынуға мүмкіндік береді. Қолданушылар келесі мәліметтерге қол жеткізе алады:
-
әкімшілік айыппұлдардың болуы;
-
кедендік рәсімдер;
-
утилизациялық алымның төленуі;
-
арнайы белгілердің тіркелуі;
-
бұрын берілген техникалық паспорттар.
Ақпарат алу үшін тек көліктің VIN-кодын енгізу жеткілікті. Қызметті пайдалану үшін пайдаланушы ЖСН мен телефон нөмірі арқылы қосымшада тіркелуі керек. Қосымша App Store және Google Play платформаларында қолжетімді.
Қызмет құны:
-
1 тексеріс – 500 теңге
-
10 тексеріс – 4 500 теңге
-
20 тексеріс – 8 000 теңге
Бұл қызмет көлік сатып алушыларға алданбауға және көлік тарихын алдын ала тексеруге мүмкіндік береді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0