Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылмақ

Қыркүйек 8, 2025 - 12:38
 0  11
Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылмақ
видеодан скрин

8 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында елімізде Жасанды интеллект және цифрлық даму саласын дамыту мақсатында жаңа министрлік құру қажеттігін атап өтті.

– Жасанды интеллектінің қарқынды дамуы қазірдің өзінде халықтың, әсіресе жастардың мінез-құлқы мен болмыс-бітіміне әсер етіп жатыр. Басқаша болуы мүмкін емес. Себебі бұл үрдіс бүкіл әлемде қалыптасқан тәртіпті және адамдардың өмір сүру салтын біржола өзгертіп жатыр. Біз бұған дайын болып, батыл әрекет етуіміз керек. Мен алдымызға өте маңызды стратегиялық мақсат қойдым. Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Қазіргі құзырлы министрлік негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек, - деп айтты Президент.

Мемлекет басшысы бұл бастама елдің технологиялық даму қарқынын арттырып, заманауи жаһандық үрдістерге бейімделуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0