Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салынады
Мәжіліс депутаттары ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы түзету қабылдады. Ол Архив ісі мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілді.
"Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау үшін жария кеңістік, сондай-ақ, масс-медиа, телекоммуникация желілері немесе онлайн платформалар арқылы педофилияны, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттайтын ақпараттар орналастыруға тыйым салу туралы нормалар қарастырылды", - деп жазылған мәліметте.
Еске салайық, бұған дейін де Еділ Жаңбыршин елде ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды ұсынды. Депутат Ринат Зайытов та ЛГБТ-ны насихаттауға толық тыйым салуды талап етті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0