Қазақстанда ата-аналардың жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту ұсынылды

Қараша 19, 2025 - 16:57
 0  6
Қазақстанда ата-аналардың жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту ұсынылды
Midjourney

Мәжілісте кішкентай балалары бар ата-аналар үшін жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту ұсынылды.

Бұл бастаманы депутат Қарақат Әбден Еңбек кодексіне түзетулер талқыланған кезде көтерді.

"Кішкентай балалары бар, жұмыс істеп жүрген ата-аналардың тіпті балабақшадан баласын алып кетуге мүмкіндігі болмай қалады", - деді ол.

Депутат уәкілетті органдар мен әріптестерінен заңды екінші оқылымда қарау кезінде осы ұсынысты ескеруді сұрады.

Еске салайық, бұған дейін әйелдердің жұмыс күнін қысқарту ұсынылды. Мұны да Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден ұсынды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0