Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогында 3 алтын медаль жеңіп алды
Бүгін Таиланд Корольдігінің астанасы Бангкокта садақ атудан Азия кубогы кезеңінің алғашқы финалдары өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Нәтижесінде Ұлттық құрама еншісінде 3 алтын және 1 қола медаль бар.
Алтын жүлдегерлер: Блокты садақ (әйелдер командасы): Виктория Лян, Роксана Юнусова, Диана Юнусова – финалда Үндістан құрамасын 229:227 есебімен жеңді.
Классикалық садақ (ерлер командасы): Ильфат Абдуллин, Дастан Кәрімов, Дәулеткелді Жаңбырбай – шешуші сында Үндістаннан басым түсті.
Классикалық садақ (әйелдер командасы): Диана Тұрсынбек, Самира Жұмағұлова, Александра Землянова – финалда Қытай құрамасын жеңді.
Қола жүлде: Блокты садақ (аралас команда): Виктория Лян, Бунёд Мирзаметов – кіші финалда Сингапур құрамасын 152:151 есебімен ұтты.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Нашар
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0