«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері сатылымға шығатын күн белгілі болды
«Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасы аясындағы өз алаңындағы ойындарға билеттерді сату тәртібін жариялады.
Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчына билеттер 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де сатылымға шығады. Оларды тек клубтың ресми сайты, Qairat SuperApp қосымшасы және Ticketon платформасы арқылы сатып алуға болады. Бір ЖСН бойынша ең көбі екі билет алуға рұқсат етіледі.
УЕФА-мен келісілген баға диапазоны — 30 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейін. Абонемент иелері өз орындарын алдын ала және жеңілдетілген бағамен рәсімдей алады. Ticketon өкілдері оларға жеке хабарласып, сатып алу тәртібін түсіндіреді.
Билеттердің белгілі бір бөлігі әлеуметтік және клубтық квота аясында бөлінеді. Олар «Қайрат» академиясы мен филиалдарының тәрбиеленушілеріне, паралимпиадашыларға, клуб қызметкерлері мен ардагерлеріне, сондай-ақ демеушілерге арналады.
Клуб жанкүйерлерге жалған ақпаратқа сенбеуді және билеттерді тек ресми арналар арқылы сатып алуды ескертеді — тек осылай алынған билеттер жарамды болып есептеледі.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0