Жүздеген түлек тесттен шеттетілді: наурыздағы ҰБТ нәтижелері жарияланды

Сәуір 9, 2026 - 17:41
Сәуір 9, 2026 - 18:28
 0  4
Жүздеген түлек тесттен шеттетілді: наурыздағы ҰБТ нәтижелері жарияланды
gov.kz

Наурыз айында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) шамамен 179 мың талапкер қатысты. Олардың 75 пайызы тестті қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде, ал 157 адам ағылшын тілінде тапсырған.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлердің 70 пайызы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа нәтиже — 66 балл. Ең жоғары көрсеткіш — 140 балл.

Ең жоғары нәтижеге Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия түлегі Жазира Кеңесова қол жеткізді. Ол төрт пәннен 90 балл жинап, ҚАЗТЕСТ сертификаты арқылы «Қазақ тілі» пәнінің нәтижесін конвертациялап, жалпы 140 балл алған.

Апелляцияға келсек, тест тапсырғаннан кейін 30 минут ішінде мазмұны бойынша шағым беруге мүмкіндік қарастырылған. Техникалық себептер бойынша өтініштер тест кезінде қабылданады. Бұл жолы 31 мыңнан астам өтініш түсіп, оның ішінде 17 тапсырма бойынша апелляция қанағаттандырылған. Қазіргі таңда талапкерлердің сертификаттары жеке кабинеттерінде қолжетімді.

Пәндер таңдау бойынша ең танымал комбинациялар:

  • «Математика-Физика» — 18,7%
  • «Биология-Химия» — 16,5%
  • «Шығармашылық емтихан» — 10,3%

Тестілеу барысында 264 ереже бұзу дерегі тіркелді. Оның ішінде:

  • 130 талапкер тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тесттен шеттетілді
  • 134 адам тест кезінде тәртіп бұзып, аудиториядан шығарылды

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0