Жамбылдан 1,6 мың тонна ет 8 елге экспортталды
2025 жылдың алғашқы жеті айында Жамбыл облысынан шетелге 1 600 тоннадан астам ет өнімі экспортталды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшенов мәлімдеді.
Өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының негізгі бөлігі — мал шаруашылығы. Жалпы өнімнің 40 пайыздан астамы осы салаға тиесілі. Жыл басынан бері облыста тірідей салмақта 64,8 мың тонна ет өндірілді.
Экспортқа шыққан өнімдердің қатарында:
-
Сиыр еті – 661,2 тонна
-
Қой еті – 953,7 тонна
-
Жылқы еті – 0,2 тонна
-
Құс еті – 1 302,2 тонна
-
Сонымен қатар 340 тонна шұжық өнімдері шетелге жіберілген.
Жамбыл ет өнімдері Қырғызстан, Ресей, Иран, Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, БАӘ және Германия секілді елдердің нарығына шықты.
Мал шаруашылығын дамыту бағытында өңірде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда сыйымдылығы 1 000 бастан асатын 9 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Сондай-ақ тәулігіне 300 ұсақ мал мен 50 ірі қараны союға қауқарлы 2 ет өңдеу кәсіпорны жұмыс істеп тұр.
Сүт өнімдері бойынша да өсім бар: биылғы жеті айда облыста 130,8 мың тонна сүт өндірілген.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0