Жамбылда республикалық байқау жеңімпаздары марапатталды

Сәуір 7, 2026 - 17:46
 0  3
Жамбылда республикалық байқау жеңімпаздары марапатталды
Jambylinfo.kz
Аталған шараға еліміздің барлық өңірінен  жалпы 270 оқушы қатысты

Жамбыл облысында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтті7

Бүгін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырған білім бәйгесі қорытындыланды. 

Салтанатты жиында құттықтау сөз сөйлеген облыстық білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршубеков білім сайысының жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, алдағы бастамаларына сәттілік тіледі. 
Сонымен қатар Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәндері бойынша олимпиада жеңімпаздары марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді. 

Айта кетейік, аталған ойы озат жасөспірімдер жиылған сайыс дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының базасында өткен еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0