Жамбыл облысының энергетика және ТКШ басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Нұрсұлтан Арқабайұлы Исабеков Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Нұрсұлтан Арқабайұлы 1990 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген.
Білімі:
2009 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы жанындағы Құрылыс және дизайн колледжін, 2013 жылы Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясын, 2021 жылы академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы «ГАПП» ЖШС-да техник-жобалаушы болып бастаған. Әр жылдары «Табыс-Жоба» ЖШС-да бас инженер, Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінде техник, бас маман қызметтерін атқарған. Сондай-ақ 2023-2024 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы болған.
2024 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Нашар
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0