Жамбыл облысында құны 300 млрд теңгеден асатын 20 агрожоба іске қосылады
➤ Жаңа дақылдарға да ерекше назар аударылып отыр. Өңірде алғаш рет 15 гектарға соя, 238 гектарға бұршақ (фасоль) дақылы егілді. Ол үшін Мексикадан элиталық тұқымдар жеткізілді.
➤ Сонымен қатар дәстүрлі бағыттар да қолдаусыз қалған жоқ. 25 қыркүйекте Байзақ ауданында қуаттылығы 1 миллион тонна болатын заманауи қант зауытының құрылысы басталады. Бұл жоба өңірдің қант қызылшасын өндіру саласын дамытуға тың серпін бермек.
➤ Жалпы, облыстың аграрлық секторы тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2025 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға 48,2 млрд теңге бөлінді (+26,8%). Биылғы жылдың 8 айында диқандар 214,2 млрд теңгенің өнімін өндірді. Егіс алқаптарының көлемі 640 мың гектарға дейін ұлғайып (+14 мың га), биылғы күтілетін өнім шамамен 3,8 млн тоннаны құрайды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0