Жамбыл облысына жаңа полиция департаменті бастығы тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Ішкі істер министрінің бұйрығы негізінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы қызметіне Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев тағайындалды.
Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев таныстырды.
Қайсар Сұлтанбаев ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Еңбек жолында Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарында әртүрлі басшылық лауазымдарда болған. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдарында – комитет пен департаменттерде жетекшілік еткен тәжірибелі маман.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0