Жаңадан азаматтық алғандарға бақылау күшейеді

Наурыз 30, 2026 - 19:14
Наурыз 30, 2026 - 19:15
 0  4
Жаңадан азаматтық алғандарға бақылау күшейеді
Egemen.kz

Өңірде көші-қон саласын реттеу және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар күшейтілуде. Жыл басынан бері облысқа 5969 шетел азаматы келіп, олардың 5320-сы еңбек ету мақсатында тіркелген.

Бақылау нәтижесінде 940 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 269 адам ел аумағынан шығарылды. Негізгі заң бұзушылықтар тіркеусіз тұру, мерзімін өткізу және рұқсат етілмеген қызметпен айналысуға қатысты. Сондай-ақ 189 жұмыс беруші мен бірқатар азамат заң талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылған.

Қазіргі таңда облыста 6549 шетелдік тұрақты тұрады. Биыл 278 адам Қазақстан азаматтығын алған. Мамандардың айтуынша, жаңадан азаматтық алғандарға да бақылау күшейтіліп, заң талаптарының сақталуына ерекше мән беріледі.

Жалпы, көші-қон саласы тұрақты бақылауда, құқық қорғау органдары алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0