Тоқаев Бішкекке барады

Қараша 24, 2025 - 18:04
 0  3
Тоқаев Бішкекке барады
Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкек қаласына барады, - деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі.

"26-27 қараша күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барады", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кететіні хабарланды. 27 қарашада Бішкекте ұйымның жарғылық органдарының отырыстары өтеді, онда жаңа Бас хатшының кандидатурасы қаралады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0