Тоғызкентте «Киіз үй» жаңа демалыс орны ашылды

Қазан 13, 2025 - 15:59
 0  3
Тоғызкентте «Киіз үй» жаңа демалыс орны ашылды
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тоғызкент ауылында 80 жылдық мерейтой аясында жаңа демалыс орны — «Киіз үй» салтанатты түрде ашылды. Қазақы нақышпен безендірілген нысан ұлттық киіз үй бейнесінде бой көтеріп, ауыл келбетін көркейтіп қана қоймай, мәдени құндылықты насихаттайтын ерекше орынға айналды.

Тоғызкент – Тараз бағытындағы жол бойында орналасқан демалыс орны — Түгіскен орта мектебінің 1977 жылғы түлектерінің туған ауылға тартуы. Олар бұл арқылы туған жерге деген құрмет пен ізгі ниетін көрсетті.

Ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты. Ерлан Ермағанбетов құттықтау сөзінде киіз үй бейнесінің халқымыздың бірлігі мен рухани байлығын білдіретінін атап өтті.

Шара барысында ардагерлер кеңесінің төрағасы Төленді Еркінов пен түлектер атынан Сейітхан Құдайбергенов сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Лентаны Ерлан Ермағанбетов, қоғамдық кеңес төрағасы Сахарап Қырғызбаев, ауыл ақсақалы Жансерік Майыров және ауыл азаматы Есен Қарамолдаев салтанатты түрде қиды.

Кеш соңында ауыл өнерпаздары өнер көрсетіп, тұрғындар жаңа демалыс орнын аралап, түлектерге алғыстарын білдірді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0