Таразда түзеу мекемесі қызметкерлеріне Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған фильм көрсетілді
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 түзеу мекемесінің қызметкерлеріне полицей-қаһарман Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған «Капитан Байтасов» көркем фильмі көрсетілді.
Шынайы оқиғаға негізделген бұл туынды 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында болған қайғылы оқиғаны бейнелейді. Сол күні полиция капитаны Ғазиз Байтасов өз өмірін құрбан етіп, лаңкесті тоқтатып, бейбіт тұрғындарды ажалдан аман алып қалған еді.
Батырдың ерлігі – отансүйгіштік пен азаматтық борыштың жарқын үлгісі. Ел жадында мәңгі сақталған бұл ерлігі үшін Ғазиз Байтасовқа «Халық қаһарманы» атағы берілді. Ол ішкі істер органдарында жиырма жылға жуық қызмет етіп, кәсіби біліктілігі мен адалдығымен ерекшеленген.
Драма мен экшн жанрларын үйлестірген «Капитан Байтасов» фильмі көрерменге терең ой мен рухани әсер сыйлады. Туынды ерлік пен адамгершіліктің шынайы бейнесін көрсетіп, елге қызмет етудің асқақ үлгісін паш етеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0