Ресейдегі зауытта екі қазақстандық өлі табылды

Қаңтар 15, 2026 - 16:20
 0  5
Ресейдегі зауытта екі қазақстандық өлі табылды
vologda.sledcom.ru

Ресейдегі металлургия комбинаты аумағында екі қазақстандық қаза тапты.

Қайғылы оқиға "Северсталь" компаниясының негізгі активі - Череповец металлургия комбинатының өндіріс алаңында болған.

"14 қаңтарда ЧерМК өндіріс алаңы аумағынан мердігер ұйымдардың екі қызметкері өлі табылды. Қазір өлімнің себептері анықталып, оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлердің туған-туыстарына көңіл айтамыз", - деп жазылған "Северсталь" компаниясының хабарламасында.

Вологда облысы бойынша РФ Тергеу комитеті мәліметінше, оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп, болған жағдайдың себептері анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0