Оқушылардың дұрыс тамақтануы үшін цифрлық бақылау енгізіледі

Қазан 7, 2025 - 15:17
 0  16
Оқушылардың дұрыс тамақтануы үшін цифрлық бақылау енгізіледі
inbusiness.kz

Оқушылардың тамақтануын жақсарту мақсатында мәзірден шұжық өнімдері, газдалған тәтті сусындар, майы мен тұзы көп тағамдар шығарылды. Оның орнына көкөністер, жеміс-жидек және сүт өнімдері ұсынылады.

Жаңа талаптар ЮНИСЕФ, ДДҰ және Қазақ тағамтану академиясының бірлескен әзірлемесі болып табылады. Бұл шара балалар арасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру және семіздікпен күресу үшін бағытталған.

Қазіргі таңда 6–9 жас аралығындағы әрбір бесінші бала артық салмақпен ауырса, сарапшылар егер жағдай өзгермесе, 2035 жылға қарай мұндай балалар саны 1,9 миллионнан асуы мүмкін екенін ескертуде.

Жүйе алғаш рет цифрлық бақылау элементтерімен толықтырылады: арнайы онлайн-калькулятор тағам құрамын есептеп, мәзірдің сапасын бағалайды. Сонымен қатар Balaman.kz сайтында ата-аналар мен мұғалімдерге арналған ақпараттық материалдар қолжетімді.

ДДҰ өкілдері мектептегі дұрыс тамақтануға салынған әрбір 1 доллардың ел экономикасына 9 долларға дейін пайда әкелетінін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0