Назарбаевтың қарындасы мемлекетке қанша теңге қарыз?
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаеваның компаниясы елдегі салық бойынша берешегі көп компаниялардың антирейтингіне енді.
Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, оның компаниясының қарызы 92 миллиард теңгеден асқан.
"2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша GROUP OF THE COMPANIES TDA ЖШС-ның салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі - 92 307 598 000 теңге", - деп жазылған хабарламада.
Комитет өкілдерінің айтуынша, компания өзін банкрот деп тану туралы сотқа талап-арыз берген. Бұл іс сотта қаралып жатыр.
Осылайша Әнипа Назарбаеваға қатысы бар компания антирейтингте үшінші орында тұр:
- Ai-To Progress ЖШС - Дәурен Молдағалиев - 111,6 млрд теңге;
- Alpha-bet (Альфа-Бэт) ЖШС - Velora Group LTD - 95,1 млрд теңге;
- GROUP OF THE COMPANIES TDA ЖШС - Әли Қылышбаев, Әнипа Назарбаева - 92,3 млрд теңге;
- OLIMP KZ букмекерлік кеңсесі ЖШС - Анарбек Жауыров - 85,6 млрд теңге;
- GB Invest ЖШС - Файез Наджиб - 47,2 млрд теңге.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Нашар
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0