Елімізде композиторларға автоматты сыйақы төлеу жүйесі енгізілмек

Қараша 7, 2025 - 14:45
 0  23
Елімізде композиторларға автоматты сыйақы төлеу жүйесі енгізілмек
Ашық дереккөз
Жоба аясында музыка пайдаланушылар мен композиторлар арасындағы есеп айырысу толық автоматтандырылып, авторлық құқықтарды қорғау тетігі күшейтіледі.

Елімізде композиторлардың еңбегін әділ бағалауға бағытталған жаңа цифрлық жүйе енгізілмек.

Жаңа платформа арқылы концерт залдары, телеарналар мен түрлі ұйымдар музыкалық туындыларды пайдалану бойынша келісімшарттарды онлайн жасай алады. Бұл жүйе авторларға өз шығармаларының қашан және қай жерде орындалғанын нақты бақылауға мүмкіндік береді.

Әділет министрлігі кәсіпкерлерге музыканы автоматты түрде анықтап, деректерді базаға жолдайтын арнайы құрылғылар орнатуды ұсынды.

Сонымен қатар Сенат концерттерде 200-ден астам көрермен болған жағдайда фонограмма қолдануға тыйым салуды және бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет платформаларда музыканы пайдаланған кезде автордың есімін міндетті түрде көрсетуді көздейтін заң жобасын түзетулермен Мәжіліске қайта жолдады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0