Биыл 42 875 жамбылдық жұмыспен қамтылады

Сәуір 6, 2026 - 18:32
 0  6
Биыл 42 875 жамбылдық жұмыспен қамтылады
Ашық дереккөз

Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарма өкілі Самат Төрегелдиев аймақтағы еңбек нарығындағы жағдай туралы баяндады. Оның айтуынша, 2026 жылға арналған жұмыспен қамту картасы аясында 42 875 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Қазіргі таңда 4 847 жұмыс орны құрылып, оның 3 283-і тұрақты.

Жыл басынан бері мансап орталықтарына 6 мыңнан астам жас жүгініп, олардың бір бөлігі жұмыспен қамту шараларына тартылған. Еңбек.kz жүйесінде 14 мыңнан астам азамат тіркелген.

Сондай-ақ субсидияланған жұмыс орындары, гранттар беру және кәсіптік оқыту бағдарламалары жүзеге асуда. Биыл 820 адамға грант беру, 1 085 азаматты оқыту жоспарланған. Enbek Skills және «Бастау-Бизнес» жобалары арқылы да тұрғындар білім алуда.

Жыл соңына дейін 120 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу көзделген. Қазірдің өзінде 20 жәрмеңке ұйымдастырылып, 278 адам жұмысқа орналасқан.

Нәтижесінде өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрап, еңбек нарығында тұрақтылық сақталуда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0