Атырауда колледж студенті қатарласын соққыға жықты

Қыркүйек 26, 2025 - 09:25
 0  9
Атырауда колледж студенті қатарласын соққыға жықты
кадрдан видео

Атырау қаласында қыздар арасында болған жанжал бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада ақ жемпір киген қыздың қатарласын жерде жатып ұрып-соққаны көрінеді. Оқиға көпшіліктің наразылығын тудырды.

Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті анықталып, ұсталған. Ол кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

"Барлығы профилактикалық есепке қойылып, материалдар кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жіберіледі. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін кәмелетке толмағандардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді полиция.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0